+7 (727) 312 00 00

» » «ASTEL» (АСТЕЛ) акционерлік қоғамы 2018 жылдың қорытындысы бойынша жай мен артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы хабарлайды.

31 май 2019

«ASTEL» (АСТЕЛ) акционерлік қоғамы 2018 жылдың қорытындысы бойынша жай мен артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы хабарлайды.

2005 жылғы 27 қаңтардағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі 43819-1910-АО, бизнес-сәйкестендіру нөмірі 011140001666, Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мәметова көшесі, 67Б үй мекенжайында орналасқан «ASTEL» (АСТЕЛ) акционерлік қоғамы, жалпы сомасы 1 303 794000 теңгеге саны 226000 дана орналастырылған жай акциялар бойынша және саны 6990 дана орналастырылған артықшылықты акциялар бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу туралы хабарлайды.


Бір жай акцияға дивиденд мөлшері 5769 теңгені құрайды. Бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері 5769 теңгені құрайды. Орналастырылған жай акциялар және орналастырылған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу 2019 жылғы "05" маусымнан бастап 2019 жылғы "31" шілдеге дейінгі кезеңде акционерлердің өтініштері бойынша жүргізіледі. Барлық мәселелер бойынша акционерлер «ASTEL» (АСТЕЛ) акционерлік қоғамына көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы керек.