+7 (727) 312 00 00

ЕРСАЙ

ЕРСАЙ – құрылтайшылары ERC Holding (Қазақстан заңнамасына сәйкес құрылған Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) және Saipem International B.V. (ENI Group Company) болып табылатын қазақстандық кәсіпорын.

 

«ЕРС Холдингз» компаниясы өз қызметін қаржы және банк салаларында,  девелопер бизнесінде, тау-кен және мұнай-газ саласында жүзеге асыратын «Ланкастер Груп Қазақстан» еншілес компаниясы болып табылады.

ЕРСАЙ-дың  Алматыда тіркелген кеңсесі, Ақтау қаласында әкімшілік кеңсесі, Маңғыстау облысы (ЕРСАЙ-дың Каспий қайраңы) Құрық селосында өндірістік базасы және Атырау қаласында кеңсесі бар.

ЕРСАЙ өз жұмысында Сайпем компаниясының халықаралық тәжірибесіне, шамамен жүз мұнай өңдеу  зауыттарының,мұнай-химия зауыттарының құрылысы, алпыс мың километрден астам  құбырларды төсеу, көптеген платформалар мен қосалқы суасты конструкцияларды салу кезінде алынған оның технологиясына және стандарттарына сүйенеді.

Бүгінгі таңда ЕРСАЙ металды кесуге, шабуға, дәнекерлеуге және бояуға арналған жабдықпен, сондай-ақ, 1000 тоннаға дейін жүк көтеретін жабдықпен және құрылыс флотымен толық жарақтандырылған теңіз жобалары бойынша жетекші мердігер компаниялардың бірі, бұл Тапсырыс берушіге қызметтердің кең спектрін ұсынуға мүмкіндік береді.

Компания жобаны басқару, қондырғылар мен жабдықтарды, құрылыстар мен кемелерді ұйымдастыру, жобала, сатып алу, салу, конверсиялау, жаңғырту және монтаждау, іске қосу-жөндеу және оларға   техникалық қызмет көрсету, кеме құрылысы, логистика бойынша қызметтерді, сондай-ақ жерүсті және теңіз кешендері құрылыстарындағы мұнай мен газды өндірумен байланысты қосымша жұмыстарды және өндірістік қызметтің өзге де қатар жүретін түрлерін ұсынуы мүмкін.