+7 (727) 312 00 00

» » » Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық Есеп Айырысу Орталығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық Есеп Айырысу Орталығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық Есеп Айырысу Орталығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық Есеп Айырысу Орталығы (бұдан әрі – ҚБЕО) Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес Ұлттық Банк Басқармасының 30.12.95ж. №252 шешімінің негізінде құрылды. ҚБЕО құрылтайшысы мен уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

 

ҚБЕО - дербес шаруашылық субъектісі, банктік емес қаржы мекемесі. Банкаралық ақша аудару жүйесі және бөлшек төлемдер жүйесі арқылы банкаралық төлемдерді өткізу және ақша аудару ҚБЕО негізгі қызметі болып табылады. Клиенттерге көрсетілетін қызметтер үшін алынатын ақы ҚБЕО кірісінің басты бабы болып табылады.

 

Тиімді де тұрақты, сондай-ақ қауіпсіз банкаралық төлем жүйесінің негізінде банк қызметінің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету ҚБЕО мақсаты болып саналады.