+7 (727) 312 00 02

Компания туралы

ASTEL компаниясы қазақстандық телекоммуникация нарығында көшбасшылардың бірі сервис-интеграторы болып табылады.

 

Компанияның негізгі қызмет түрі - KazNet® өзінің желісінде телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну, сонымен қатар алдыңғы технологияларды пайдалана отырып, мәліметтер және дауыстар жіберу корпоративтік желілерін құру.

 

Компания желілерді жобалау және жабдықты жеткізуден бастап, пайдалануға енгізу және тапсырыс беруші қызметін оқытумен аяқтай отырып қосымша қызметтердің кең көлемін көрсетеді.

 

ASTEL-мен ынтымақтастықта Клиент қандай жетістікке жетеді

  • Телекоммуникация саласында 22 жылдық тәжірибеге ие серіктестен байланыстың тапсырмаларының кешенді кепілденген шешімі.
  • Қазақстандағы ең заманауи және кең таралған телекоммуникация желілерінің біріне кіру, ол ASTEL жүгінген кез келген Клиентке жабдықты қосуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
  • Алматы және Астана қалаларындағы тәулік бойы Клиентті қолдау қызметі, ол арналар қалпын және ақаулықтарды дереу жоюды бақылауды қамтамасыз етеді.
  • Барлық маңызды магистралдық арналар және Интернет желісіне кіріс арналарын резервтеу.
  • Қазақстанның барлық облыстық орталықтарындағы өкілдіктер, олар Клиенттің тапсырмасын тиімді шешуге және техникалық қолдау бойынша шұғыл қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
  • Клиентпен үнімі персоналдық менеджер жұмыс істейді.

«ASTEL» (АСТЕЛ) АҚ  Arna-Sprint Data Communications комнания негізінде құрылған, ол 1993 жылы наурыз айында құрылған. 1997 жылғы мамырдан бастап компания ASTEL® сауда маркасымен жұмыс істейді.

 

Компания Қазақстан территориясындағы телекоммуникациялық жобаларды жүзеге асырады. Қазақстанның барлық облыстарында және Семей және Жезқазған қалаларында аймақтық департаменттері бар. Алматы қаласында орталық кеңсесі бар.

 

Компания келесі стандарттар бойынша стандартталған: ISO/IEC 20000-1:2011 ( ИТ-сервистер менеджментінің жүйесі), ISO/IEC 27001:2005 ( ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі), ИСО 14001-2004 (экологияылқ менеджменті жүйесі), OHSAS 18001-2007 (кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі) және ISO 9001:2008 (сапа менеджменті жүйесі).

 

ASTEL  Қазақстан Республикасында орнатылған және пайдаланылған жер серіктік байланыс станцияларының  саны бойынша бірінші орынды алады. Қазақстан территориясында орналасқан 2 600 аса серіктік станциялар компания желісінде жұмыс істейді.

 

2006 жылдың наурыз айында  ASTEL компаниясы KASE қазақстандық фондтық биржасында «В» листингке шықты.
Толығырақ ақпаратты келесі сілтеме бойынша қарауға болады: http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ASTL

 

Халықаралық және республикалық сыйлықтар және сертификаттарға ие бола отырып, ASTEL компаниясы өзінің Клиенттеріне сапалы әрі заманауи байланыс шешімдерін ұсына отырып, тоқтаусыз дамуын жалғастыруда.

 

Компания міндеті
ASTEL клиенттерін зияткерлік байланыс шешімдер және жоғары сапалы техникалық экспертизамен қамтамасыз ете отырып,өз клиенттерінің бизнес-мақсаттарына жетуіне мүмкіндік береді.